№ 399 бұйрығы, Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » № 399 бұйрығы, Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
27
September
2022

№ 399 бұйрығы, Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29767 болып тіркелді.

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Ана тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);

       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Букварь" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде);

       4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Обучение грамоте" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде);

       5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Елипбә" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту ұйғыр тілінде);

       6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Обучение грамоте" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту ұйғыр тілінде);

       7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Алифбе" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту өзбек тілінде);

       8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Обучение грамоте" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту өзбек тілінде);

       9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Алифбо" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту тәжік тілінде);

       10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Обучение грамоте" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту тәжік тілінде);

       11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған "Қазақ тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес);

       12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Қазақ тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);

       13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Әдебиеттік оқу" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);

       14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Орыс тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде);

       15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Әдебиеттік оқу" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде);

       16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Ұйғыр тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту ұйғыр тілінде);

       17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Әдебиеттік оқу" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту ұйғыр тілінде);

       18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Өзбек тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту өзбек тілінде);

       19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Әдебиеттік оқу" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту өзбек тілінде);

       20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Тәжік тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту тәжік тілінде);

       21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Әдебиеттік оқу" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту тәжік тілінде);

       22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Орыс тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде емес);

       23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Ағылшын тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Неміс тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Француз тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған "Математика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған "Жаратылыстану" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған "Дүниетану" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Бейнелеу өнері" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Еңбекке баулу" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "Көркем еңбек" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған "Музыка" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған "Дене шынықтыру" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Қазақ тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы(оқыту қазақ тілінде);

       36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Қазақ әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы(оқыту қазақ тілінде);

       37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік "Абай мектептерінің" 5-9-сыныптарына арналған "Қазақ тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);

       38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік "Абай мектептерінің" 5-9-сыныптарына арналған "Қазақ әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);

       39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Орыс тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы(оқыту орыс тілінде);

       40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Орыс әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы(оқыту орыс тілінде);

       41) осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Ұйғыр тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы(оқыту ұйғыр тілінде);

       42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Ұйғыр әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы(оқыту ұйғыр тілінде);

       43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Өзбек тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы(оқыту өзбек тілінде);

       44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Өзбек әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы(оқыту өзбек тілінде);

       45) осы бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Тәжік тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы(оқыту тәжік тілінде);

       46) осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Тәжік әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы(оқыту тәжік тілінде);

       47) осы бұйрыққа 47-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Қазақ тілі мен әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы(оқыту қазақ тілінде емес);

       48) осы бұйрыққа 48-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Орыс тілі мен әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы(оқыту орыс тілінде емес);

       49) осы бұйрыққа 49-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Ағылшын тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       50) осы бұйрыққа 50-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Неміс тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       51) осы бұйрыққа 51-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Француз тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       52) осы бұйрыққа 52-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6 сыныптарына арналған "Математика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       53) осы бұйрыққа 53-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған "Алгебра" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       54) осы бұйрыққа 54-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған "Геометрия" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       55) осы бұйрыққа 55-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Информатика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       56) осы бұйрыққа 56-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6 сыныптарына арналған "Жаратылыстану" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       57) осы бұйрыққа 57-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған "Физика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       58) осы бұйрыққа 58-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған "Химия" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       59) осы бұйрыққа 59-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған "Биология" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       60) осы бұйрыққа 60-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған "География" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       61) осы бұйрыққа 61-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       62) осы бұйрыққа 62-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       63) осы бұйрыққа 63-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 9 сыныбына арналған "Құқық негіздері" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       64) осы бұйрыққа 64-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік "Абай мектептерінің" 5-9-сыныптарына арналған "Абайтану" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);

       65) осы бұйрыққа 65-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6 сыныптарына арналған "Музыка" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       66) осы бұйрыққа 66-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Көркем еңбек" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       67) осы бұйрыққа 67-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Дене шынықтыру" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       68) осы бұйрыққа 68-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Жаһандық құзыреттілік" курсының үлгілік оқу бағдарламасы;

       69) осы бұйрыққа 69-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 7 сыныбына арналған ""Өлкетану" курсының үлгілік оқу бағдарламасы;

       70) осы бұйрыққа 70-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 8 сыныбына арналған "Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы" курсының үлгілік оқу бағдарламасы;

       71) осы бұйрыққа 71-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 9 сыныбына арналған "Зайырлылық және дінтану негіздері" курсының үлгілік оқу бағдарламасы;

       72) осы бұйрыққа 72-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 9 сыныбына арналған "Алаштану" курсының үлгілік оқу бағдарламасы;

       73) осы бұйрыққа 73-қосымшаға сәйкес Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11 сыныптары үшін "Абайтану" курсының үлгілік оқу бағдарламасы;

       74) осы бұйрыққа 74-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Қазақ тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);

       75) осы бұйрыққа 75-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Қазақ тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);

       76) осы бұйрыққа 76-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік "Абай мектептерінің" 10-11-сыныптарына арналған "Қазақ тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);

       77) осы бұйрыққа 77-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Қазақ әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       78) осы бұйрыққа 78-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Қазақ әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       79) осы бұйрыққа 79-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік "Абай мектептерінің" 10-11-сыныптарына арналған "Қазақ әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);

       80) осы бұйрыққа 80-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Орыс тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде);

       81) осы бұйрыққа 81-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Орыс тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде);

       82) осы бұйрыққа 82-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Орыс әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде);

       83) осы бұйрыққа 83-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Орыс әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде);

       84) осы бұйрыққа 84-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің (жаратылыстану-математикалық бағыты, қоғамдық-гуманитарлық бағыты) 10-11 сыныптарына арналған "Қазақ тілі және әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес);

       85) осы бұйрыққа 85-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің (жаратылыстану-математикалық бағыты, қоғамдық-гуманитарлық бағыты) 10-11 сыныптарына арналған "Орыс тілі және әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде емес);

       86) осы бұйрыққа 86-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Ұйғыр тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту ұйғыр тілінде);

       87) осы бұйрыққа 87-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Ұйғыр тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту ұйғыр тілінде);

       88) осы бұйрыққа 88-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Өзбек тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту өзбек тілінде);

       89) осы бұйрыққа 89-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Өзбек тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту өзбек тілінде);

       90) осы бұйрыққа 90-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Тәжік тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту тәжік тілінде);

       91) осы бұйрыққа 91-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Тәжік тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту тәжік тілінде);

       92) осы бұйрыққа 92-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Ұығыр әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту ұйғыр тілінде);

       93) осы бұйрыққа 93-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Ұйғыр әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту ұйғыр тілінде);

       94) осы бұйрыққа 94-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Өзбек әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту өзбек тілінде);

       95) осы бұйрыққа 95-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Өзбек әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту өзбек тілінде);

       96) осы бұйрыққа 96-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Тәжік әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту тәжік тілінде);

       97) осы бұйрыққа 97-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Тәжік әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту тәжік тілінде);

       98) осы бұйрыққа 98-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Ағылшын тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       99) осы бұйрыққа 99-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Ағылшын тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       100) осы бұйрыққа 100-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Неміс тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       101) осы бұйрыққа 95-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Неміс тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       102) осы бұйрыққа 96-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Француз тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       103) осы бұйрыққа 103-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Француз тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       104) осы бұйрыққа 104-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Алгебра және анализ бастамалары" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       105) осы бұйрыққа 105-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Алгебра және анализ бастамалары" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       106) осы бұйрыққа 106-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Геометрия" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       107) осы бұйрыққа 107-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Геометрия" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       108) осы бұйрыққа 108-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Информатика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       109) осы бұйрыққа 109-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Информатика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       110) осы бұйрыққа 110-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Химия" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       111) осы бұйрыққа 111-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Химия" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       112) осы бұйрыққа 112-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Физика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       113) осы бұйрыққа 113-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Физика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       114) осы бұйрыққа 114-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Биология" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       115) осы бұйрыққа 115-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Биология" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       116) осы бұйрыққа 116-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "География" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       117) осы бұйрыққа 117-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "География" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       118) осы бұйрыққа 118-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің (жаратылыстану-математикалық бағыты, қоғамдық-гуманитарлық бағыты) 10-11 сыныптарына арналған "Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       119) осы бұйрыққа 119-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       120) осы бұйрыққа 120-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       121) осы бұйрыққа 121-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Құқық негіздері" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       122) осы бұйрыққа 122-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Құқық негіздері" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       123) осы бұйрыққа 123-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Шет тілі (екінші). Француз тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       124) осы бұйрыққа 124-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Шет тілі (екінші). Ағылшын тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       125) осы бұйрыққа 125-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Шет тілі (екінші). Неміс тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       126) осы бұйрыққа 126-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің (қоғамдық-гуманитарлық бағыты, жаратылыстану-математикалық бағыты) 10-11 сыныптарына арналған "Дене шынықтыру" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       127) осы бұйрыққа 127-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің (жаратылыстану-математикалық бағыты, қоғамдық-гуманитарлық бағыты) 10-11 сыныптарына арналған "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       128) осы бұйрыққа 128-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік "Абай мектептерінің" 10-11-сыныптарына арналған "Абайтану" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);

       129) осы бұйрыққа 129-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптарына арналған "Графика және жобалау" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       130) осы бұйрыққа 130-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптарына арналған (жаратылыстану-математикалық бағыты, қоғамдық-гуманитарлық бағыты) "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

       131) осы бұйрыққа 131-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 сыныбына арналған "Жаһандық құзыреттілік" курсының үлгілік оқу бағдарламасы;

       132) осы бұйрыққа 132-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің 11 сыныбына арналған "Жаһандық құзыреттілік" курсының үлгілік оқу бағдарламасы бекітілсін.

       2. "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген):

       1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

       1-тармақтың 6), 7) тармақшалары алынып тасталсын;

       1-тармақтың 11) тармақшасы алынып тасталсын;

      1-тармақтың 14) тармақшасы алынып тасталсын;

      1-тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

       3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 


Оқу-ағарту министрі 

А. Аймағамбетов


Қазақстан Республикасы
 Оқу - ағарту министрлігінің
 2022 жылғы 16 қыркүйектегі 
 № 399 бұйрығына
 1-қосымша 




 Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. "Әліппе" оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).

      2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны жалпыдидактикалық қағидаттар және А. Байтұрсынұлының әдістемелік қағидаттары негізінде айқындалды:

      1) дыбыспен жаттығу;

      2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;

      3) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;

      4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.

      3. Әріпті таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.

      4. "Әліппе" оқу пәнінің мақсаты – әріп таныту, оқуға мен жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін ұлттық рухани құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.

      5. "Әліппе" оқу пәнінің міндеттері:

      1) оқу әрекетіне бейімдеу;

      2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін (сөйлеу) туралы қарапайым түсінік (ажырату, салыстыру, топтастыру және талдау) қалыптастыру;

      3) дыбыс пен әріпті (баспа және жазба түрлері) үйрету;

      4) оқу (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу) және жазу дағдыларын қалыптастыру;

      5) коммуникативтік әрекет түрлерін жетілдіру, сөздік қорын байыту;

      6) ана тіліне, Отанына, халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарай білуге үйрету, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру.

 2-тарау. "Әліппе" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

 1-параграф. "Әліппе" оқу пәнінің мазмұны

      6. "Әліппе" оқу пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.

      7. Оқу пәнінің мазмұны:

      1) қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;

      2) негізгі тілдік бірліктерден (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін);

      3) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;

      4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.

      8. "Әліппе" оқу пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.

      9. "Әліппе" оқу пәнінің мазмұны І жартыжылдықта "Әліппе" оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.

      10. Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:

      1) 1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат;

      а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат;

      с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;

      2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;

      ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, Ұ, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) – 24 сағат.

      Ескерту: ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, Ұ, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке 2 сағаттан беріледі. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен оқытылады.

      11. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:

      1) оқу әрекетіне қызығушылығын ояту;

      2) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;

      3) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру;

      4) сөзге дыбыстық талдау жүргізу: сөздегі буын санын анықтау, сөз ішіндегі дыбыстарды екі, үш буынды сөзбен анықтау; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;

      5) жазуға дайындық кезеңінде - қолдың ұсақ моторикасын дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба салу, әріп элементтерін жазу).

      6) тыңдай білуге және сұрақты түсінуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.

      Ескерту: тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.

      12. Әліппе кезеңінің міндеттері:

      1) қазақ әліпбиінің дыбыс пен әріптерін таныту, дыбыстардың айтылуына жаттықтыру;

      2) дауысты және дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратуға жаттықтыру;

      3) әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;

      4) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға, жазуға, оқуға үйрету;

      5) дұрыс, үзбей, буындап оқу дағдыларын қалыптастыру;

      6) көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;

      7) сөздік қорын байыту, өз ойын жеткізе білуге үйрету;

      8) негізгі тыныс белгі түрлерін (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі) қолдана білуді қалыптастыру;

      9) ұлттық рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

      Ескерту: І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай айқындайды. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.

      13. "Әліппе" оқу пәнінің базалық білім мазмұны.

      14. Тыңдалым мен айтылым:

      1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдай білу, тыңдалым мәнін түсіну, сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беруді қалыптастыру; коммуникативтік мақсаттарына сәйкес қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

      2) ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;

      3) дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді; буын, сөзді буынға бөлу; дауысты дыбыстардың буын құрау дағдыларын қалыптастыру;

      4) дыбыстың әріппен жазылуын; сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін/ сәйкес еместігін анықтау;

      5) сөздік қорын байыту; сөзді тіркестіре білу, сөйлем және шағын мәтін (сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу) құрай білу;

      6) сөз әдебінің формаларын қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу).

      Ескерту: Тыңдалым материалының көлемі: 30 сек - 1мин.

      15. Оқылым:

      1) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білу (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);

      2) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;

      3) қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

      4) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) түсініп, дауыстап оқу;

      5) буындап оқудан сөзді үзбей, толық оқуға үйрету.

      Ескерту: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив