Қосынов Бектенбай Іліпбайұлы » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
01
September
2021

Қосынов Бектенбай Іліпбайұлы

Бектенбай Іліпбайұлы Қосынов (1911-1984 ж)  ел таныған азамат­тар­дың көбіне ұстаз, әкесіндей қамқор, өсу жолында жетектеген жебеуші, әрі қысылғанда қолұшын беріп, ем болардай ақылын жанашырлықпен, дә­рі­гердің дә­ру­індей дарыта білген азамат. Иә, елін сүюдің, қызметті жауапкершілікпен атқа­­рудың үлгісі болған азамат 1911 жылы бұ­рын­ғы Қас­­келең, қазіргі Қарасай ауданындағы Әйтей ауы­лында өмірге келген. Мектеп-интернатта сауатын ашқан жас өзі өмір сүрген қо­ғам­­­­­­ның тыныс-тір­шілігін түсініп, оқуда үздік білімімен танылыпты. Және жоғары сенім жүк­те­ліп, 18 жасқа жаңа тол­ғанда Іле аудандық комсомол ко­ми­тетінің хатшысы болып сайланады. Көп ұза­­May Алматы облыстық партия комитетінің шешімімен Лепсі аудандық жер қатынастары бөлі­мі­нің бастығына тағайындалса, 1934 жылы Мәс­кеу­дегі Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетіне жолдама алады. Атпал аза­маттың білім шы­ңына құлаш ұрып, нәрінен арман­сыз сусын­да­ған кезі осы сәтте басталып, жалғас­қан. 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 
І сессиясында қызмет­тегі жауапкершілігі мен білгірлігі ескеріліп, Қазақ КСР Халкомы жанындағы өнер бөлімінің басты­ғы болып сайланады. Осы лауа­зым­да еңбек еткен Бектенбай Іліпбайұлы мәде­ние­ті­міздің өркендеуіне өзіндік қолтаңбасын қалдыруға бар күш-жігерін, білімін жұмсайды. Ұлы Отан соғысы басталар ал­дында ол Өскемен қалалық партия комитетінің хат­шысы қызметін атқарған. Сұ­ра­пыл соғыс жылда­рын­да да халықтың қиындықты жеңіп, жеңісті жақ­ын­датуға өзіндік үлесін қосуға басшылық жасағаны мұрағаттарда жинақталыпты. 1951 – 1955 жылдары Алматыдағы Фрунзе ау­дан­дық партия комитетінің бірінші хатшысы болып еңбек етсе, бұған дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ұйымдастыру бөлімі кадрлар секторына жетекшілік жасаған. Осындай кездері ол айналасына жақсы, іскер адамдарды топтастырып, олардың өсуіне, қалыптасуына бірден бір себепкер болғанын бүгінде білетіндер ұмытпай, риза пейілмен айтады. Бектенбай Қосынов Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Алматы қалалық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарған тұста да оның шапағатын көріп, тәлім-тәрбиесін алғандар аз емес екен. Үлкенге іні, кішіге аға болып, соңына өшпес із қал­дырған Бектенбай   Іліпбайұлы 1961 – 1979 жылдары Қа­зақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы марапаттау бө­лі­мін басқарыпты. Бектенбай Іліпбайұлы Қосынов  ілуде бір кездесетін, жақсы адамның үлгісі бол­ған азамат, қоғам қайреткері.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив