«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әділдік пен жауапкершілік» айлығы жалғасуда!
🤸♂️ Бүгін 3-сынып оқушылары арасында «Әділ ойын – адал жеңіс» тақырыбында спорттық жарыс өтті. Шараның мақсаты – оқушыларды достыққа, әділдікке, ережені сақтау арқылы жеңіске жетуге тәрбиелеу.
⚽ Қатысушылар өз күштерін сынап, адал бәсекенің нағыз үлгісін көрсетті!
👏 Барлық қатысушыларды белсенділіктері үшін құттықтаймыз! Адалдық – әр жеңістің бастауы! ✨