Білім беру ұйымы басшысының жұмысына сараптама » Б.Қосынов атындағы орта мектеп
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Білім беру ұйымы басшысының жұмысына сараптама
02
June
2023

Білім беру ұйымы басшысының жұмысына сараптама


«Almaty region білім басқармасының 

Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Білім беру ұйымы басшысының жұмысына сараптама

(мәтінді ақпарат)

  1. Білім беру ұйымының атауы: «Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» Education Department of Kerbulak district.
  2. Білім беру ұйымы басшысының тегі, аты-жөні: Саусакбаев Даурен Болатович.
  3. Білім беру ұйымы басшысының білімі (толық): жоғары, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 2018.
  4. Білім беру ұйымы басшысының санаты: 
  5. пән бойынша - екінші біліктілік санат, 01.09.2020 №83;
  6. лауазымы бойынша - жоқ.
  7. Білім беру ұйымы басшысының еңбек өтілі:
  8. жалпы басшылықтағы еңбек өтілі – 4 жыл;
  9. аталған мекемедегі басшылықтағы еңбек өтілі - 4 жыл.
  10. Білім беру ұйымының білім сапасының деңгейіне толық сараптама:

2022-2023 оқу жылының мектеп бойынша барлығы 1508 оқушы ,  1 ауысым бойынша 32 сынып, 724 оқушы,  2   ауысым бойынша  32сынып, 781 оқушы білім алды.  Жылдық  қорытынды бойынша № 6 педкеңестің шешімі негізінде орындалған жұмыстармен таныстырылды. 

2022-2023 оқу жылында 2-тоқсанды мектеп бойынша барлығы 1508 (оның ішінде  725 қыз) оқушы аяқтады. Сыныптар бойынша бөлетін болсақ 1-4 сынып арасында барлығы 648 (оның ішінде 319 қыз), 5-9 сынып арасында 721 (оның ішінде 336 қыз), 10-11 сынып арасында 139(оның ішінде 71 қыз), мектепалды даярлық тобында 95 (оның ішінде 65 қыз) оқушы білім алып, оқу жылын аяқтады. Мектеп бойынша  2022-2023 оқу жылында  барлығы 278 оқушы (оның ішінде 182 қыз) үздік, 600 оқушы (оның ішінде 327 қыз)   екпінді болып аяқтады, үлгермеуші және тоқсандық қортылмаған оқушы жоқ.  Мектептің білім сапасы оқу жылы  аяғында 64,9 %, үлгерім сапасы 100 % көрсетті. 


Мектеп 2022-2023 оқу жылының   оқу жоспарына сәйкес аяқтады. Жоспарланған жұмыстардың барлығы орындалды. Мектеп ҚР Ministry of Education and Science бекіткен білім стандартын басшылыққа ала отырып жұмыс атқарды. Оқу бағдарламасы мемлекеттік стандартқа сәйкес толық орындалды. Таңдау пәндері мен вариативтік сабақтарға   арнайы бағдарлама мен кесте жасалды. Оқу бағдарламасының орындалу барысы әр тоқсан соңында тексеріліп, қорытындысы талданды. Жылдық жоспарға сәйкес мектепішілік бақылау жұмыстары жүйелі жүргізіліп, БЖБ және ТЖБ қорытындылары бірлестіктер бойынша қаралып, материалдары арнайы құжат ретінде жинақталды.

  1. Білім беру ұйымынында білім сапасының деңгейін көтеру бойынша қабылданып жатқан шаралар: 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі 2022 жылғы 5 желтоқсандағы
 № 486 Бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары негізінде өзін-өзі бағалау  жүргізілуге  дайындық жұмыстары жасалған.Оқу жетістіктерін бағалауға  4,9 сыныптың білім алушылары қатысатындықтан , білім сапасын бақылауға алынған. Мектеп құжаттарының  талапқа сай жасалуы қадағалануда.

  1. Білім беру ұйымынында педагог кадрлардың деңгейі, педагог кадрлардың деңгейін арттыру бағытында қабылданған шаралар:

ҚР «Білім беру туралы» Заңы негізінде біліктілік талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында 2022-2023 оқу жылындағы мектептің педагогикалық ұжымының сапалық құрамы талданды. Мектепте оқу үрдісін 114 педагог, 3 мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері,2 шағын орталық тәрбиешілері ,директордың оқу-тәрбие орынбасарлары-2,әдістемелік орынбасар -1, тәрбие орынбасарлары-2, 2 педагог-психолог,2 әлеуметтік педагог жүргізеді. Әрбір педагогтың лауазымы диплом бойынша мамандықтарына сәйкес келеді. 

Біліктілік санаты бойынша (саны/пайызы)

Мектепте педагог-зерттеуші -20-17 % 

педагог-сарапшы- 23 -19  %  

педагог-модератор -22 - 18 %

Жоғары-1    -  0,8  %

Бірінші-2 - 1,7 %

Екінші-3  - 2,5   %

Санаты жоқ ұстаздар  саны-  46 -39 %

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары -2, үшінші  біліктілік санатта

Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарлары -1, бірінші  біліктілік санатта

Білімі бойынша

Жоғары-114 

Арнаулы орта -3 ,98 %

Магистрлер-21 педагог -18 %

Жас мамандар саны-24 -20 %       

мұғалімдердің кәсіби өсу жолында ізденіс –зерттеу тәжірибесін жетілдіру

Өзін-өзі оқыту арқылы білім жетілдіру

Teachersдің біліктілік санатын арттыру 

Магистр дәрежесіндегі педагог кадрлар санын арттыру.

Оқыту мен тәрбиелеуде тәжірибеге бағытталған технологияларды қолдану, білім беру үрдісін ұйымдастыру барысында  рефлексивті практиканы дамытуға бейімделген инновациялық жобалар аясында әр түрлі деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру

  1. Білім беру ұйымынында педагог кадрлардың әр пән бойынша тестен өте алмау жағдайларда қабылданған іс-шаралар:

Педагог кадрлардың әр пән бойынша тестен өте алмау жағдайы, қандай шаралар қабылдануда   Мектепте Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" бұйрық және осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығы атты құжаттарды орындау басшылыққа алынды. Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 бұйрығы  лауазымдарды атқаратын педагогтерді аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды. БжҒМ бекітілген кәсіби байқауларға қатысу. « Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 Бұйрығына толықтыру   №371 17.08.2022 ж бұйрықпен   таныстырылды.

Жыл барысында ӘК отырыстарында , педагогикалық кеңесте  ұжым Ережелерге еңгізілген толықтырулармен   таныстырылды.Аттестатталатын мұғалімдермен келесі әдістемелік жұмыс формалары жүргізілді. Ол психология - педагогикалық семинарлар, аттестацияға байланысты нормативті құжаттармен таныстыру, ашық сабақтар, жеке және топтық кеңестер, біліктілігін көтеру курстары, өздік білім көтеру жұмысы бойынша ұсыныстар, педагогикалық тәжірибені тарату жолдарын көрсетілді.

Жалпы мұғалімдерді аттестаттау перспективті жоспарға сәйкес жүргізілді.

2022-2023 оқу жылында аттестаттаудан өтуге -24 педагог өтініш берді. Еңбек өтілі 30жылдан асқан -1 педагог . Құжаттарын Ережеге сәйкес тапсырды. Сараптамалық топтың портфолионы бағалау парағында берілген ұсыныстары ескеріле отырып, аттестаттау комиссия мүшелері педагогтерді өтініш берілген санатқа лайық деп есептеді. Педагогтердің білімін бағалаудан педагог-модератор біліктілік санатына – 5 педагог, педагог-зерттеуші біліктілік санатына - 2 педагог тест тапсырып ,өтті. Шекті бал жинай алмаған 14 педагог. Педагогтердің білімін бағалау екі блокқа бөлінеді : бірінші блок «Пәндік білім» бойынша 30 тапсырманы орындап, екінші блок «Оқыту әдістемесі» бойынша 20 тапсырма орындауда 1-2 бал жетпеген. Алдағы уақытта   түсіндіру жұмыстарын жүргізу,оқыту әдістемесі бойынша тапсырмаларды игеру мақсатында  практикалық  семинар өткізу.

  1.  Білім беру ұйымынында педагог кадрлардың біліктілік курстан өту жағдайы, үлесі:

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында үш жылда кемінде бір рет педагогтердің біліктілігін арттыруға қатысты «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына өзгерістер енгізілуіне   байланысты педагогтарды біліктілік   арттыру курстан өткізу жұмыстары   жүргізілуде.
 
* 2022-2023  оқу жылында курстардан өту саны білім саласындағы жаңашылдықтарға байланысты артуда. Жаңа заман біліміне жаңалық енгізу бұл – педагогикалық кадрларға жаңа талаптар қою. Жиыны «Цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру» курста 117/100% мұғалім оқыды. Пәндік, әдістемелік бағыттағы курстардан өткен мұғалімдер саны: 26 (22 %)

Ең бірінші білімді жетілдіруге мүмкіндік беретін, кәсіби шеберлікті шыңдап дамытып отыруға аса қажетті нысан – біліктілікті арттыру курстары. Біліктілік дегеніміздің өзі – білімді меңгертудегі құндылықты бейнелейтін қабілеттілік  және іскерлік, дағдылар мен жұмыс тәжірибесінің жиынтығы болғандықтан 2022-2023 оқу жылына   біліктілік арттырудың перспективалы жоспары құрылды.Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы Almaty region бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспары негізінде қысқа мерзімді біліктілік арттыру курсынан барлығы – 16 педагог.

«Ұлттық –ғылыми практикалық дене тәрбиесі оралығы» РМҚК-1 педагог,ПШО-дан -5 ,НЗМ –нен -3 педагог ,«Адамның Үйлесімді Дамуы Ұлттық Институты»АҚ –да 1- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары біліктілік арттыру курсынан өтті. Курс мұғалімдерге біліктіктерін арттырып, білім қорын кеңейтуге, сонымен қатар әр түрлі білім беру орталықтарынан келген әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға керемет мүмкіндік береді. 

  1.  Білім беру ұйымынындағы тәрбие үрдісіне сараптама (нақты, түсінікті, қысқаша жазылуы керек):

Әр оқу жылы барысында мектеп басшысы тәрбие процесін ұйымдастырушы болса, сынып жетекшісі, пән оқытушылары – тәрбие процесін жүргізуші, іске асырушы болып табылады. Жалпы 64 сынып комплектпен жұмыс жүргізілуде. Әр Сынып жетекші тәрбие процесін ұйымдастыруда өте маңызды да жауапты міндеттерді атқарады. Олар сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы, шәкірттердің, ата-аналардың ақылшысы, қамқоршысы.

Сынып жетекшісінің шәкірттердің ата-аналарымен қызметі де үлкен ізденісті талап етеді. Ата –аналарға шәкірттердің оқу жұмыстары, тәрбиесін мәлімдей отырып, ата-аналармен бірлесіп сол кемшіліктерді жоюға атсалысады. Тығыз қарым қатынас орнату мақсатында мектебімізді 2023 жылдың сәуір айының 6 күнінен, мамыр айының 6 аралық ата - ана айлығы өтті . "Ізгі іс - жақсылыққа апарар жол!", " Әке таудан үлкен" атты ауқымды семинарлар өтті.

Мектебімізде сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметінің жүйесі бар. Ол жан-жақты оқу-тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерінен туындайтын, өзара байланысты оқу-тәрбие шараларының жиынтығы, оқушылармен жүргізетін барлық жұмысының бағыттарын (саяси-идеялық, адамгершілік, дене, эстетикалық, еңбек тәрбиесі, т.б.) қамтиды.

Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі оларды зерттей біледі. Оқушыларды зерттеу барысында, сынып жетекшісінің өз қызметін ойдағыдай атқарудың басты шарты. Балалар туралы төмендегідей мәлімдеме арқылы таниды:

-оқушының денсаулығы;

-отбасындағы тұрмыс жағдайы;

-ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;

-мінез-құлқы, темпераменті, қабілеті, еркі, зейіні, т.б.

-ата-анасымен қарым-қатынасы;

-әдептілігі, адамгершілігі;

-еңбекшілдігі;

-интеллектуалдығы;

-саяси сауаттыллығы;

Эстетикалық талғамы.

Осы айтылғанның бәрін сынып жетекшісі педагогикалық зерттеу әдісін қолданып отырып жинақтайды.
 Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығармашылықта. Мектеп оқушыларының жетістіктері Аянұлы Санжар - Almaty regionның әкімі Марат Сұлтанғазиевтен 100 мың теңге ақшалай сыйлық жәнеде Алғыс хат,15 жасар жасөспірімдер арасында «Карате До» - дан Қазақстан чемпионы , Халықаралық дәрежедегі спорт шеберін иеленген , Евпора мен Харватияға жолдама алған мектеп спортшысы . Аянұлы Санжар! Сайдулла Анель «Мағжан оқулары» байқауының аудандық кезеңі II орын Аудандық «Адал ұрпақ» байқауынан І орын Мырзабай Ерлан ІІ дәрежелік диплом «Ұлттың ұлы тұлғасы» облыстық кезең Чокпарова Ақбота ІІІ дәрежелі диплом «Ұлылыр әлемі» облыстық кезең Нуршабеков Рауан Бас жүлде «Ақындар айтысы» облыстық кезең Қалбаева Хадиша «Тіл құндылық» Республикалық байқауында шығармашылық танытқаны үшін марапатталады. Уалиева Перизат Бас жүлде «Жаңарған Қазақстан» Республикалық өнер - білім байқауы Вокал номинациясы бойынша . Құрбанбай Қуаныш Бас жүлде «Жеті өнер» Республикалық кезеңінен финалға сүрінбей өтіп, Өзбекстан Республикасына Бухара қаласына арнайы жолдамамен марапатталады. Bala Fest,, Халықаралық балалармен шығармашылығына араналған өнер жобасында Вокал номинациясымен Қапар Ильяс І орын иегері атанды. Бас жүлде «Мағжан әлемі» республикалық 2022-2023 оқу жылының «Өлең – менің Шолпаным. Айым, Күнім» бағыты бойынша Ерболатұлы Ернұр марапатталды. І орын «Мағжан әлемі» республикалық 2022-2023 оқу жылының «Өлең – менің Шолпаным. Айым, Күнім» бағыты бойынша Есенгелді Нұрислам марапатталды. «Атамұра» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы Бас жүлде Сайлаубек Адемі. «Атамұра» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы Бас жүлде Айдарбекқызы Гүлім. «Атамұра» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы Бас жүлде Мәлік Қамбар.Аудандық «Т.Айбергенов» байқауының «Толқиды бір кеудеме кернеген шер» эссе жазу бойынша І орын иеленгені үшін Чокпарова Ақбота марапатталады.Шағын Футболдан жасөспірімдер арасында Ауыл жасөспірімдерінің 4 жазғы ойындарында І орын алған үшін Джумаев Али марапатталады. Бокстан кіші жасөспірімдер арасында Жоғарғы Ұлттық дәрежедегі , ІІІорын алған Оралбек Алибек. Қыздар арасында волейболдан ІІІ орын алған Айдарқызы Гүлім, Бейсенбай Аяла  Қарасай ауданының бұқаралық спорттық іс – шараларды өткізу орталығы атынан мараппаталды.

         Қорыта айтатын болсақ   тәрбие жұмысы жылдық жоспарға сай жүргізілді. Бағыттар бойынша сынып жетекшілердің жиынтық папкалары бар, жинақталған.

  1.  Білім беру ұйымының мемлекеттік аттестациядан өтпеген жағдайда жүргізілген жұмыстар, іс-шаралар жоспары:

Мемлекеттік аттестациядан 2017 жылы мамыр айында өткен. Білім беру ұйымы жыл сайын ұсынылатын білім беру қызметтерінің МЖМБС талаптарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау жүргізеді.

  1.  Білім беру ұйымынында зейнеткерлік жастағы педагогтер саны:
  2. зейнеткерлік жастағы педагог саны-1.
  3. Жалпы   зейнеткерлікке шығуға 2 ,3,4  жыл қалған  5 педагог бар.
  4.  Педагог кадрлардың сапалық құрамы не себепті Ұлттық білім беру деректер қорына толық енгізілмеген (біліктілігі, біліктілік курстан өтуі, білімдері т.б.)

Педагог кадрлардың сапалық құрамы Ұлттық білім беру деректор қорына біліктілігі,білімдері,біліктілік курстан өтуі толық енгізілген.

  1.  Лицензия алмаған мектептер бойынша толық түсініктемелермен, не себепті 1-2 жыл бойы алынбай отырғаны туралы мәлімет, атқарылған жұмыстар: лицензия бар. 

Білім беру қызметі құқығына лицензияны берген мекеме:

"Қазақстан Республикасы Ministry of Education and Science Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Almaty regionның Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесі

Лицензия нөмері: KZ71LAA0030739

Берілген уақыты: 20.05.2021

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив